Талдықорған қалалық полиция департаментінің дерегінше, жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына арызданған. Ол өз шағымында Талдықорған қаласындағы моншалардың бірінің ауласынан Lexus RX-300 көлігінің қолды болғанын айтқан.
"Полицейлер көшелердегі бейнекамералар арқылы автокөліктің жүрген бағытын анықтап, темір тұлпар қаланың шыға берісінде «Талдықорған-Үштөбе» бағытында табылды. Жасөспірім құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап қайтпақ болған. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды», - делінген полицейлер берген мәліметте.
Айта кетерлігі, Үштөбе қаласындағы колледжде оқитын 15 жастағы қыз көлік иесінің танысы болған.