Талдықорғанда бүтіндей бір отбасы уланып, үшеуі қайтыс болды

10 қаңтар, 14:00

Талдықорғандағы Сарыарқа саяжайының үш тұрғыны пештен шыққан түтінге уланып, көз жұмды. Марқұм болғандардың барлығы бір үйдің адамдары. Орын алған оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар департамендегілер төмендегі ақпаратты мәлімдеді.

«Төтенше жағдайлар қызметіне бұл оқиға бойынша қоңырау 9 қаңтар күні 17 сағат 22 минутта келіп түсті. Пештен шыққан түтінге уланып әкесі, екі баласымен мерт болды. Ал анасы ауруханада жатыр»,-деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі тағда департамент қызметкерлері төтенше жағдай орын алған саяжайдағы әр үйді аралап, пешті дұрыс пайдалану жөнінде қауіпсіздік шараларын түсіндіруге білек сыбана кірісіп кетті. Сақтық шараларын күшейе түсті.