"Тальгода" қыз зорлағандарға жаңа жаза тағайындалды

26 желтоқсан, 09:30

Қостанай қалалық №2 соттың үкімімен Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР ҚК 120-бабы бойынша кінәлі деп таныылып, әрбіріне 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Жаза 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап өз күшіне енеді.

Еске салсақ, бұл жаға ұстатарлық оқиға ағымдағы жылдың қыркүйегінде орын алған. Ақтөбе тұрғыны елордадан ғылыми конференциядан пойызбен үйіне қайтып келе жатқанда түнгі уақытта жолсерік купесіне кіріп зорлаған. Кейін екінші жолсерік кіріп, арам пиғылын жүзеге асырған.

26 шілдеде елді шулатқан іске қатысты Қостанайдың №2 сотында айыпталушы Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовқа алғашқы сот үкімі шықты. Сот оларды «Тальгода» әйел зорлады деп айыптап, 2,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда жәбірленуші тарап бұл үкіммен келіспей, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген болатын. Онда бірінші инстанция сотының шешімі жойылды және іс тергеуге жіберілді.

Қайта қаралған іске үкім шығарған судья Оразбай Сатыбалды жазаны қатаңдатуға негіз жоқ екенін, себебі екеуі де кінәсін мойындамай, жағдайдың келісіммен болғанын негізге алғанын айтты.