Тальгодағы зорлау ісі қайта қаралатын болды

22 тамыз, 19:00

Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау ісіне қатысты апелляциялық шағымды қайта қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Үкімді судья Асламбек Мерғалиев оқыды. Үкім бойынша, бірінші инстанциядағы соттың шешімі алынып тасталды. Сондықтан іс қайтадан прокуратураға жолданды.

Апелляциялық сот отырысы жабық тәртіпте өткен.

Еске салайық, аталған зорлық оқиғасы 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Ақтөбелік келіншек бұл оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазып, артынша қоғамда шу туғызды. Ал биыл 26 шілдеде жолсеріктерге қатысты сот үкімі шықты. Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов есімді жолсеріктер Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі "Зорлау" бойынша айыпты деп танылып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Артынша жәбірленуші сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.