Танымал хирург-трансплантолог өмірден озды

07 ақпан, 16:35

Тек қана Шымкент емес, елімізге белгілі хирург-трансплантолог Мәди Биғалиев 62 жасында өмірден өтті. Ғұмырының 40 жылын медицина саласына арнаған дәрігер 9 мыңнан астам күрделі ота жасап, талай жанның өмірін сақтап қалған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург ұзақ жылдар бойы Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған. Ал 2010 жылы Мәди Биғалиев шымкенттік кардиохирургтермен бірге Қазақстан бойынша алғаш рет бір науқастың жүрегіне, өті мен бауырына ота жасады. 2018 жылы ол басшылық ететін медицина мекемесінде тұңғыш рет шетел азаматына донорлық бүйрек ауыстыру операциясы жасалынды.

Кәсіби біліктілігінің арқасында көптің алғысын ала білген марқұмның отбасы мен туыстарына ELITAR.KZ ұжымы атынан көңіл айтамыз.