Қазақстандық танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы көпшіліктің Шымкент туралы теріс пікіріне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Әнші Жұбаныш Жексенұлының Шымкентке қатысты пікір айтқан видеосы Whatsapp әлеуметтік желісінде тарап кетті. Видеода ол қызғалдақ алқабында тұрып, Шымкенттің әсемдігін оқырмандарына паш етті. Сондай-ақ туған жері туралы кері пікір айтушыларға жауап берді.
"Шымкент-Шымкент деп қисық-қыңыр әңгіме айтатын адамдардың назарына! Міне, Шымкент. Міне, біздің оңтүстіктің жері. Басқа қай жерде осындай қызыл кілем, қызыл алқап болуы мүмкін? Тек қана Шымкентте! Оңтүсікте. Сондықтан, Шымкентті боларға да, болмасқа да қосып әңгіме айтуды қойыңыздар. Мінекей, Шымкент! Әдемілік, керемет, ғажап деген осы шығар. Жасасын біздің Шымкент!",-деді ол.