Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабалайды.
Талдықорған қаласында үш адам автоломбардты тонап, ішіндегі қызметкерді ұрып, байлап кеткен. Ұрылар 7 млн теңгені қолды қылған. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр.
«Аталған фактіні растаймыз. Қазір күдіктілерді анықтау және іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді ведомство өкілі.
Талдықорған қаласы полициясының жедел-іздестіру тобы күдіктілерді ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.