Таразда 9 жастағы қызға азғындық жасаған педофил ұсталды

28 қыркүйек, 16:40

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оқиға 24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде орналасқан көпқабатты үйдің подъезінде орын алған. Белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

"Аталған дерек бойынша Тараз қаласының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (жас балаға азғындық әрекет жасау).
Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады. Ол үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды" деп жазды Арман Оразалиев Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетерлігі, ұсталған күдікті наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ «педофил» санаты бойынша есепте тұрмайды. Кінәсі дәлелденсе, оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Фото: Sputnik Kazakhstan