Ұлттық банк мұны экономикалық диверсия деп бағалады.
ҚР Ұлттық Банкі құқық қорғау органдарына елдің жаңа валютаға көшуі және теңгенің құнсыздануы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аудио таратушыларды іздестіру туралы өтініш білдірді.
"Қазіргі
уақытта әлеуметтік желілерде, сондай
– ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер
арқылы 2019 жылдың тамызында Қазақстанның
"алтын" деп
аталатын жаңа валютаға
ауысуы және теңгенің құнсыздануы
туралы ақпарат таралды.
Ұлттық банк бұл ақпарат жалған,
арандатушылық,
экономикалық диверсияға шақырушылық
болып табылатындығын ресми түрде
хабарлайды", - делінген Ұлттық банктің
баспасөз хабарламасында.