Қырғызстандағы Михайловка ауылында қайғылы оқиға орын алды. 4 және 6 жастағы екі бала ауладағы ескі тоңазытқышқа кіріп, одан аман-есен шыға алмады.
Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, 3 маусымда ұлдар аулада ойнап жүрген. Содан кейін кенет жоғалып кеткен. Іздестіру сағат 12-де басталып, кешкі сағат 17-де аяқталды. Ұлдар аулада тұрған ескі тоңазытқыштан табылған. Шамасы, балалар ойнап жүріп кірсе керек.
Ұлдар жасырынғысы келген. ал есік жабылып қалған. Оны балалар өз бетінше аша алмаған. Оқиға бақытсыз жағдай ретінде қарастырылуда.