Теңіздегі қақтығыс: желіде жалған фотолар мен видеолар көбейіп кетті

01 шілде, 12:30

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Теңіздегі қақтығысқа қатысты әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған фотолар мен видеоларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылатын ақпараттың көпшілігі шындыққа сай келмейді.

"Қазіргі уақытта Теңіз жұмыс кентіндегі жағдай тұрақты. Кеше 30 - дан астам адам жеңіл дене жарақатын алды, оларға медициналық көмек көрсетілді, қазір олардың өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүрген ақпарат: басына темір кірген, көзі көгерген қыз туралы фотолар шындыққа сәйкес келмейді. Кез келген адам интернетте іздеп, оны тексере алады. Теңіздегі жанжал соңы жалған ақпараттарға ұласты. Біз азаматтардан жалған ақпарат таратпауларын сұраймыз", - деп атап өтті баспасөз қызметі.