Теңіздегі оқиға: Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады

01 шілде, 17:30

Consolidated Contracting Engineering&Procurement s. a. l. Offshore (ССЕР) бас директоры Кауаш Хишам Теңіздегі жағдайды реттеу үшін Атырауға келді, деп хабарлайды Атырау облысының аймақтық коммуникация қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Қауаш Хишам Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы біліп, жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына ұшып келді.

"Амансыздар ма?! Мен Эли Даудтың іс-әрекетінен қорланғандардың барлығынан кешірім сұрағым келеді. Мен ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл ССЕР саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін жағымсыз оқиға болғанын айтқым келеді. Мен осы оқиға туралы білгеннен кейін ол жұмыстан босатылды және онымен келісімшарт бұзылды.

Біз осы оқиғаның толық ішкі тергеуін жүргізіп, қажетті шараларды қабылдаймыз. Қолымды жүрегіне қойып, ССЕР өзінің бауырлары - қазақтарға құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған оқиғаға тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиғаны естігеннен кейін, дереу Атырауға жағдайды шешу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ”, - деді Кауаш Хишам өзінің бейнеүндеуінде.

Фото: Arnapress