Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген Өкімде.
Сүлейменов Тимур Мұратұлы 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Мэриленд университетін "Болашақ" бағдарламасымен бітірді. "Іскерлік әкімшілік магистрі" мамандығы, "Қаржы" мамандығы бойынша бизнес магистрі. Ұлыбританиядағы алқалық бухгалтерлер мен аудиторлар Ассоциациясында сертификатталған.