Өткелден мал айдап өтпек болған бозбала суға ағып кетті

04 мамыр, 10:00

Шығыс Қазақстанның Облыстық төтенше жағдайлар қызметі Аягөз ауданында 16 жастағы бозбаланың аттан құлап, суға кетіп қаза болғанын хабарлады.

Аягөз өзенінен мал айдап өткен жас жігіт аттан құлап мерт болды. Тасып жатқан өзен оның денесін аулаққа ағызып әкеткен.

«Хабар жеткен бойда біздің қызметкерлер оқиға орнына барды. Іздеу жұмыстарына 50-ден астам адам тартылды. Арасында қарапайым тұрғындар да бар. Бұл кезде Аягөз өзенінің тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Марқұмның денесі оқиға орнынан 50 метр жерден шықты» - дейді Аягөз аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Мәди Қажыбаев.

Бозбаланыкүні бойы іздеген төтеншеліктер, мәйітін кешке қарай тапқан.