Қытайда өткен тәулікте коронавирустан 52 адам көз жұмды. Ал жұқтырғандар саны 406 тұрғынға көбейді. 439 адам вирусты жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.
Аспан асты елінің Денсаулық сақтау істері комитетінің дерегінше, көз жұмғандардың барлығы Хубэй провинциясының тұрғындары. Соңғы дерек бойынша Қытайда 78 064 адам коронавирус дертіне шалдығып, 2 715-сі көз жұмған. Індетке шалдыққандармен қарым-қатынаста болған 79 108 адам дәрігерлердің бақылауында.