Бүгін шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданған күн. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-дегі парақшасында жазды. Өз жазбасында Мемлекет басшысы 1991 жылдан бері Қазақстанға қанша отандасымыздың көшіп келгеніне де тоқталды.
"18.11.1991 ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн-нан астам қазақ көшіп келді" деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.