Тоқаев қай елдің галстуктерін тағатынын айтты

22 шілде, 11:39

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан Президентінен «Галстук, костюм тігетін сүйікті фирмаңыз бар ма?» деп сұрады.

"Біз үшін отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсеткен маңызды" деген Президент елімізде өндірілетін киімдердің сапасына жоғары баға берді.

«Қазір отандық өндірушілердің галстугін тағып жүрмін. Қазақстан да осындай сапалы өнім шығаруды үйренді. Осы орайда өте сапалы галстуктер тігіп, сататын фирма бар. Дәл қазір тағып жүрген галстук Алматыда тігілген. Біз үшін отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсеткен маңызды. Жалпы, галстук таққанды ұнатамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.