Тоқаев бала кездегі орындалмаған арманы туралы айтты

10 маусым, 19:25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында орындалмаған бала күнгі арманымен бөлісті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Көптеген кітаптар жазғанын алға тартқан Тоқаев қазір осы жанрмен айналысуға уақыт жоқ деп жауап бере келе, бала кезде журналист болғысы келгенін айтып қалды.

«Мен көптеген кітаптар жаздым. Олар тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болды. Жалпы жазуды ұнатамын, қолымнан қаламым түспейді. Мен жас кезімде журналист болғым келді, бірақ ол болмады. Дипломат болдым. Жоспарларға келер болсақ, қазір бұл жанрмен айналысуға уақыт жоқ. Бірақ зейнетке шықсам міндетті түрде кітап жазамын. "Бұл қалай болды" немесе "Өткен мен болашақ арасында" деп аталады», - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Жарық пен көлеңке: қазақстандық саясаткердің очерктері", "Еңсеру: дипломатиялық очерктер", "БҰҰ-дағы ойлар", "Әке туралы сөз" және т.б. кітаптар жазды.

Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев – жазушы болған. Еліміздегі алғашқы детективті шығарма - «Соңғы соққы» романының авторы.