Тоқаев бірнеше дипломатиялық миссияны елшілік етіп қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды

19 шілде, 11:11

Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Қазақстанның Белград қаласындағы Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды. Братиславадағы дипломатиялық миссия Словак Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды. Лиссабон қаласындағы Миссия Қазақстанның Португалия Республикасындағы елшілігі болды.

Сонымен қатар, Ригадағы дипмиссия Латвия Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды. Қайта құру Қазақстанның София қаласындағы дипломатиялық миссиясына да қатысты. Ол Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды. Таллинн қаласындағы консулдық Эстониядағы Қазақстан Елшілігі болып қайта құрылды.