Тоқаев пен Еспаева теледебаттарға қатыспайды

29 мамыр, 16:00

Президенттікке үміткерлер Дания Еспаева мен Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сағат 18.00-де болатын теледебаттарға қатыспайды, деп хабарлайды tengrinews.kz -ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Өкінішке орай, Дания Еспаева қатыса алмайды. Азат Тұрлыбекұлы ("Ақ жол" партиясының көшбасшысы Азат Перуашев. - Ескерт.) оның өкілі ретінде қатысатын болады. Дания Мәдиқызы желілік кестеге сәйкес өңірлерде болады. Желілік кесте алдын ала бекітілген, біз пікір-сайыс туралы, өткізу күні туралы білгенімізге дейін. Біз оны өзгерте алмадық. Ол Павлодар облысында болады", - деп хабарлады Еспаеваның штабы.

Қасым-Жомарт Тоқаев та теледебаттарға қатыспайды.

"Президент өзінің үгіт-насихат науқанына қатысуын барынша шектеді. Ол барлық үгіт жұмыстарын өзінің қоғамдық штабына сеніп тапсырды. Президент басқа кандидаттардың БАҚ-қа тең қол жеткізуі ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігінше көбірек электоралды мүмкіндіктері болуы тиіс деп санайды. Сондықтан Президент ауқымды үгіт-насихат іс-шараларына қатыспайды, ол бейнеленген үгіт билбордтарына қатаң тыйым салды, сондай-ақ өзінің қоғамдық штабына пікірталасқа қатысуды тапсырды", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекет Басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин.

Айта кетейік, президенттікке үміткерлердің теледебаттары бүгін, 29 мамыр күні сағат 18.00-де "Хабар" арнасының тікелей эфирінде өтеді.