Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының үш орынбасарын тағайындады

26 маусым, 12:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды;

Қабдула Шыңғыс Кайыпұлы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды;

Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.