Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Президенттің инаугурациясын өткізу қашанға жоспарланып отырғанын айтты.
"Егер ОСК осы уақытқа дейін дауыс беру қорытындысын қорытындылап, ресми есепті жарияласа, ұлықтау рәсімін 12-сі күні өткізуді жоспарлап отырмыз", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
14 маусымда Қырғызстанда ШЫҰ-на қатысушы елдердің кезекті саммиті өтеді, оған Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.
"14 маусымда маған Бішкекте, содан кейін Душанбеде (АӨСШК — Авт саммиті) болу қажет. Қазақстан Президенті ретінде жүктелген өкілеттіктерімен қатысуы қажет", — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.