"Томирис" фильмінің үлкен экрандарға шығатын күні белгілі болды

07 тамыз, 12:48

"Томирис" тарихи фильмінің режиссері Ақан Сатаев картина прокатының басталу күні қашан екенін айтты.

"Біздің фильм 27 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында", — деп хабарлады Сатаев Instagram-да.

Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.