Тоқтаған пойыздардың 8 мың жолаушысы тасымалданды

25 маусым, 11:33

Арыс қаласында орын алған жағдайдың салдарынан жеті ірі стансада 20 жолаушы пойызы тоқтап қалды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы"АҚ баспасөз қызметі.

Олар Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі және Қызылорда стансалары. 8,1 мыңнан астам жолаушы ірі темір жол вокзалдарына жайғасты, азық-түлікпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Құрамдарға дизель отыны берілді.

"Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру билеттерінің құны қайтарылатын болады", — деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

8 мыңнан астам жолаушы Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларынан пойыздармен және автобустармен тасымалданды.