Шымкентте полиция автокөлігі аударылып кетті

27 мамыр, 17:00

Жол-кқлік оқиғасы бүгін шамамен таңғы сағат 8:30-да Жібек-Жолы мен Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Жібек-Жолы көшесінің бойымен Т.Рысқұлов көшесі жағынан Ж.Аймауытов көшесіне қарай жүріп келе жатқан "Toyota Camry" маркалы автокөлік тізгіндеген жүргізуші жол бермей, Жібек-Жолы көшесімен Т.Рысқұлов көшесіне қарай қарсы бағытта келе жатқан Жергілікті полиция қызметінің "JAC S5" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі автокөлікке де материалдық шығын келтірілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізушілер үйлеріне қайтарылған. Автокөліктерде жолаушылар болмаған. "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды",-делінген хабарламада.