28 қаңтар, 13:51
Қытайда коронавирус өршуінен кейін ҚХР азаматтары үшін виза ресімдеу талаптары күшейтілді, деп хабарлайды Қазқстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев.
"Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігі мен Бас консулдығы денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды талап ету бөлігінде ҚХР азаматтары үшін виза ресімдеу талабын күшейтті. Екіншіден, Үкіметтің шешімімен ҚХР азаматтарының Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз транзиттік болу тәртібі уақытша тоқтатылды",-деді Нұрышев.
Сонымен қатар ҚХР азаматтары үшін әуежайға келгеннен кейін электрондық визаларды ресімдеуді тоқтатъу туралы шешім қабылданды.
Шахрат Нұрышев шекара жабылған жағдайда билік біздің азаматтарымыздың толығымен жеткізілуін қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті.
Сыртқы істер министірінің бірінші орынбасарының сөзінше, бүгінгі таңда Қытай аумағында 1300 қазақстандық бар, оның 635-ы Хайнаньда жүрген туристер. 204 қазақстандық Елшілік пен Бас консулдықтың қызметкерлері, сондай-ақ 445-і ҚХР аумағындағы өзге де қалаларда жүрген қазақстандықтар.