Шымкенттік полицейлер Голландияда өткен шағын футбол турнирінде жүлделі орын алды

15 қазан, 16:20

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Голландияның Грунло қаласында әлем полицейлері арасында шағын футболдан өткен «World Police Indoor Soccer Tournament» Халықаралық турниріне Шымкент қаласы полиция департаментінің құрама командасы жолданған болатын. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті полицейлер турнирге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың тікелей қолдауымен аттанған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің намысын қорғап барған шымкенттік полицейлер 204 команданың ішінен жүлделі 3 орынды иеленіп, жеңімпаз атанып қайтты.

Бүгін женімпаздарды әуежайда қала тұрғындары, туған-туыстары, әріптестері мен Шымкент қалалық полиция департамент басшылығы қошеметпен қарсы алды.