Шымкент балуандары Мейіржан Шермаханбет, Әлімхан Сыздықов және Бауыржан Төребек Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамына кірді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Еркін күрестен 2019жылғы Қазақстан чемпионы Төребек 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Грек-рим
күресінің балуандары Мейіржан Шермаханбет
пен Әлімхан Сыздықов 67 және 97 келі салмақ
дәрежесінде өнер көрсетеді.
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 23-28 сәуір аралығында Сиань қаласында (Қытай) өтеді. Біріншілікті еркін күрес шеберлері ашады. Одан кейін кілемге қыздар шығады, ал жарысты грек-рим стилінің палуандары аяқтайды.