Түркия коронавирусқа байланысты түрмеде жазасын өтеп жатқан 90 мыңға жуық адамды босату туралы заңнаманы қабылдады. Оның қабылдануын парламенттегі 279 депутат қолдап, 51-і қарсы шықты.
DW агенттігінің мәліметінше, бұл заңнаманы құқық қорғаушылар және белсенділер сынға алып жатыр. Өйткені бұл заңнама саяси айыптармен сотталғандарға қарастырылмаған.
Бұған дейін елдің Әділет министрі Түркия түрмелерінде жатқан үш азаматтың коронавирустан көз жұмғанын хабарлады.
Айта кетейік, бүгінде Түркияда 61 049 адам коронавирус дертін жұқтырған. 1296 адам қауіпті індеттен көз жұмған.