Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ораза айт мерекесіне орай қарапайым тұрғындар үшін кітап сатылымынан түскен өз гонорарына дастархан жайды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Кеше түркімен басшысы Қыпшақ ауылында орналасқан мешітте айт дастарханын жайды. Қонақтар арасында Үкімет мүшелері, министрліктердің шенеуніктері, әскери, құқық қорғау органдары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар мен жастар да болды.
Мешітте мол
дастархан жайылды. Агенттік атап
өткендей, Президент адамдар үшін азық
— түлікті өзінің ақшалай қаражаты
есебінен ұйымдастырды. Түскі
асқа Бердімұхамедов жазған кітаптары
үшін алған қаламақыны
жұмсаған. Түрікмен басшысы ас
алдында сөз сөйледі.
Ол түркмендерге
жан тазалығы, көмекке мұқтаж адамдарға
қайырымдылық тән екенін атап өтті.