Түркістан облыстық Әділет департаменті қызметкерлері сайлаудан қалыс қалмады

09 маусым, 12:06

9 маусым күні Түркістан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысып, Түркістан қаласы, Сатыбалды көшесі № 50/а мекен-жайында орналасқан №884 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сонымен қатар, аудандық, қалалық әділет басқармаларының аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінің қызметкерлері мен олардың отбасылары бекітілген сайлау учаскелерінде өз дауыстарын берді.

Дауыс беруге қатыса отырып, сала қызметкерлері өз елінің болашағына үлес қосты.