Түркістан облысы полицейлері азаматтарды қалта телефондарына сақ болуға шақырады

17 шілде, 13:53

Ұялы телефондарды және басқа да бағалы заттарды ұрлауды болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуға және өз мүлкінің сақталуына немқұрайлы қарамауға кеңес береді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Түркістан қаласы ҚПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғалар терезесінің ашық тұрғанын пайдаланып, үйінен ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады.

Сондай-ақ, Жетісай ауданының тұрғыны жергілікті базарлардың бірінде гриль дайындау кезде белгісіз тұлғалар құны 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Жетісай АПБ-нің қызметкерлері бұрын тонағаны үшін сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта «бөтеннің мүлкін ұрлау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Әдетте, мұндай ұрлық түрі қоғамдық орындарда, базарларда, жолаушылар көлігінде және жергілікті тұрғындардың үйлерінде орын алады. Көбіне арам пиғылды ұрылар, бағалы заттары мен ақшаларын қараусыз қалдыратын тұрғындардың бейқамдығын пайдаланып, ойларын іске асыруда. Ұялы телефондарды және басқа да бағалы заттарды ұрлауды болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуға және өз мүлігінің сақталуына немқұрайлы қарамауға кеңес береді.

"Жәбірленушілер өздерінің немқұрайлылығы салдарынан яғни ұялы телефондар мен сөмкелерін көзге түсетіндей етіп, үстелдің үстіне, сөрелерге жиі қалдырып кетіп, қалта ұрыларына мүмкіндік береді",-дейді ТО ПД баспасөз хабарламасында.

Қоғамдық орындарға, базарлар мен көңіл көтеру орындарына барғанда, ұялы телефондар мен бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, жолаушылар көлігіне отырғанда ұялы телефондар мен алтын бұйымдарын көрсетпей, оларды ішкі қалтаға салып жүру керек.

"Егер сіз ұялы телефоныңызды немесе сөмкеңізді ұрлатып алсаңыз немесе осындай ұрлықтың куәсі болсаңыз, онда дереу «102» телефонына хабарласыңыз. Тез арада берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға ықпал етеді",-делінген хабарламада.