Түркістан облысы, Арыс ауданында он бас жылқыны мал жайылымынан ұрлап әкетіп, жергілікті тұрғындарға сатқан күдікті құрықталды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Арыс аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Мал ұрлығына тосқауыл" шарасы барысында мал тиелген екі жүк көлігін тоқтатқан. Тиелген ірі қараға ешқандай құжат болмаған. Тергеу кезінде күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғыны ұсталды. Мал иесі жәбірленушіге үш млн теңге шығын келтіргені де анықталды.