Бұл туралы Түркістан қаласында өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Облыс әкімнің
орынбасары Ербол Садыр партия съезінде
ұсынылған «Бақытты отбасын» жүзеге
асыру туралы міндет жүктелгенін айтып, осы бағытта «Nur Otan» партииясының облыстық
филиалалымен бірлесіп, көпбалалы
отбасыларға қолдау көрсету шараларын
жандандыру керектігін жеткізді.
«Партия
съезінде «Бақытты отбасы», «Халыққа
көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты
мекен» жобалар ұсынылған болатын.
Бүгінде ол бағытта жұмыстар басталып
кетті. Бұл жобаларда елдің әлеуметтік
жағдайын көтеру, өңірлерді дамыту, ірі
қалалардан бастап, елдімекендерді
түлету шаралары қамтылған. 2019 жылы
облысымызда жоба аясында іс-шараларды
іске асыру үшін республикалық бюджеттен
3 669,4 млн теңге бөлініп, облыс бойынша
6 елдімекен: Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек
ата, Қазығұрт ауданындағы Қызылқия
, Отырар ауданындағы Қоғам, Сарыағаштағы Береке мен Келестегі Абай және Кентау
қаласындағы Ынтымақ елдімекендерін
қаржыландыру жоспарлануда» , – деді
Ербол Садыр.
Жиын соңында 23 сәуір күні Нұр-Сұлтан
қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының
кезекті ХІХ съезіне қатысушы делегаттар
сайланды.