Түркістан облысында 6 жасар баланы зорламақ болған күдікті ұсталды

17 қаңтар, 17:00

Түркістан облысының тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған 6 жасар балаға арсыз қылықтар көрсетті деп күдіктелген жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2019 жылдың 15-қаңтарында Сайрам аудандық жергілікті полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторына бүлдіршін қыздың әкесі шағымданып келген. Оның арыздануынша, белгісіз біреу қызына тиіспек болған. Оқиға орнына оқушы қыздың ата-анасымен бірге келген полицейлер күдіктіні құрықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізген.

"Арыз Сайрам АПБ да тіркеуге алынып, ҚР ҚК нің "кәмелетке толмағандарға арсыз қылық көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарын жүргізуде. Күдікті қамауда. Арнайы сараптамалар тағайындалған"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.