Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды

29 сәуір, 14:00

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Құдабеков Иса Мұсаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Иса Мұсаұлы 1982 жылы 8 қазанда туған. Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласындағы «Мөлдір су» ЖШС-інде жарнама менеджері болып бастаған.

2005-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, аумақтық индустриялдық саясат департаментінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Қостанай облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.