Түркістан облысында көршілеріне оқ атқан қария 11 жылға сотталды

19 ақпан, 12:00

Көршілеріне жаппай оқ атып жарақаттаған Кентау қаласының 64 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған еді. Бет алды көршілеріне қарай атылған оқтан абырой болғанда қаза болғандар жоқ. Бірақ үш адам ауыр жарақаттанды. Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты сотталушыны қасақана кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тауып, 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айырды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болды.