Түркістан облысының полиция қызметкерлері трассаның бірінен тәртіп сақшаларына күмән тудырған «ВАЗ» автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде Қазығұрт ауданында автокөлігінде ұрлаған қойлары бар шопанды құрықтады, деп мәлімдеді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жүргізушіде құжаты жоқ 3 қойды тапты. Анықтағандай, күдікті Қазығұрт ауданының тұрғыны шопан болып жұмыс істеген жергілікті шаруашылықтан мал ұрлаған. Полицейлер барлық мән-жайларды анықтау үшін ұсталған күдіктінің полицей бөлімшесіне жеткізді.
Болған жайт ҚР ҚК 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша СДТБТ тіркелді. Жәбірленушіге келген зиянның жалпы мөлшері 100 мың теңгеге жуық соманы құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғанның басқа қылмысқа қатыстылығын анықтауда.