Түркістан облысында шетел азаматтары есірткімен ұсталды

04 маусым, 17:30

Өзбекстан Республикасының азаматы Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазығұрт» шекара бақылау бекетінде есірткілерді заңсыз өткізу барысында ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz. 

Өзбекстан азаматы өзінің қылмыстық құқықбұзушылық әрекетімен ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша ауыр қылмыс жасаған деп танылды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Күдіктіге Сарыағаш аудандық сотымен санкцияланған бұлтартпау шарасы ретінде «күзетпен ұстау» шарасы қолданылды.

Келесі күдікті Қарақалпақстан Республикасында туылған. Бұрын сотталмаған азамат ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Күдікті тауып алған ірі мөлшердегі есірткіні «Жібек жолы» шекара бақылау бекеті арқылы, Евразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында заңсыз өткізу барысында қолға түскен. Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 296-бабымен тексеру өндірісі қозғалған.