​Түркістан облысында сотталғандарды бақылай алмаған басшы жұмыстан кетті

21 қараша, 13:15

Пробация қызметіндегілерге сотталған адамдарды бақыламады деген айып тағылды. Салдарынан басшы қызметінен босатылып, тағы алты инспекторға тәртіптік жаза көрілді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Түркістан облыстық прокуратурасындағылардың мәліметінше, Мақтарал аудандық пробациялық бөліміндегілер бір жыл бойы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын бұзып келген.

"Қоғамдық жұмыстар тағайындалған 25 сотталушыға тиісті қадағалау жүргізілмеген. Алты сотталған тиісті мерзімнен кеш есепке алынды. Сотталғандармен алдын алу жұмыстарының дұрыс орындалмауына байланысты олардың 10–ы қайта қылмыс жасаған, ал 12-сі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған", – делінген прокуратура берген мәліметте.

"Қылмысты қайталап жасаған сотталғандарға жаза түрін ауыстыру шараларын қолданбаған ең ауыр қылмыс", - деп қосты облыстық прокуратурада.

ФОТО: today.kz