​Түркістан облысында тағы бір үшем дүниеге келді

21 тамыз, 15:00

Үшемдер Шардара ауданы, Көксу ауылында тұратын Сапаровтар отбасында дүниеге келді.

Шардара ауданы Көксу ауылында тұратын Төребек Сапаров пен Мейрамгүл Мәмбетованың отбасында дүниеге үшем келді.

Жарық дүние есігін ашқан сәбилерге Аман, Есен, Жанерке есімдері берілген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың анасының да, нәрестерлердің де жағдайы жақсы. Облыстық №1 перинаталды орталық дәрігерлерінің көмегімен аяғы ауыр әйелге жүктіліктің 32 аптасында ота жасалды. Шақалақтар 1740, 2250 және 2370 салмақпен дүниеге келді. 31 жастағы ана мен балалар толық дәрігерлер қадағалауында.

Айта кетейік, сәбилердің анасы Мейрамгүл Мәмбетова ауыл балабақшасында еден жуушы болып жұмыс істейді. Отағасы Төребек Сапаров ауыл мектебінде жұмысшы. Үш бірдей сәбиі дүниеге келген жанұя бір сәтте көпбалалы отбасы атанып отыр. Жас ата-ананың бұған дейін 2 ұл, 2 қызы болған.