​Түркістан облысында үй тонаған азамат Ресейден ұсталды

06 ақпан, 17:10

Үй тонау оқиғасы 2016 жылдың жаз мезгілінде Қазығұрт ауданында орын алған болатын, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

2016 жылдың жаз мезгілінде Қазығұрт аудандық полиция басқармасына үйдің тоналғаны туралы ақпарат түскен. Жәбірленушіден бағалы зергерлік бұйымдар мен 4 млн теңге ақшасын алып кеткен. Аталған жәйт ҚР ҚК-нің 191-бабы, "тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Жедел іздестіру шарасы барысында күдіктілердің тұлғасы анықталған. Тонау операциясын жергілікті жердің үш ер азаматы ұйымдасып жасаған. Екі күдікті жедел табылды. Бірі алты, екіншісі бес жылға шартты түрде сотталған еді. Ал үшіншісі оқиға орын алған соң дереу шекара асып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Араға екі жыл салып Қазығұрт аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясы Қорған облысындағы әріптестермен бірлесіп, үздіксіз іздестіру шарасы нәтижесінде үшінші азамат 2018 жылдың күзінде Ресейдің Қорған қаласынан ұсталды. Заң алдында жауапкершілікке тартылып, сот үкімімен 4 жылға шартты түрде сотталды.