​Түркістан облысында екі азамат марихуанамен ұсталды

02 қараша, 11:20

Түркістандық полицейлер жергілікті екі тұрғыннан есірткі затын тәркілеп алды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұл оқиға Келес ауданында орын алған. Рейдтік шара кезінде полицейлер көлік тізгіндеп бара жатқан жергілікті азаматты тоқтатқан. Оның көлігін тексеру барысында сіріңке қорапшасына салынған өсімдік тектес зат табылды.

«Сараптамаға сәйкес тәркіленген зат есірткі болып шықты. "Марихуананың" жалпы салмағы 4 грамға жеткен. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (заңсыз есірткі айналымы) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіндігелір.

Келес ауданының полицейлер арада екі күн өткен соң тағы бір тұрғынды ұстады. Одан табылған есірткі затының жалпы салмағы 90 грамм. Бұл жайт бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі