​Түркістан облысында жастар премиясына байқау жарияланды

13 қараша, 11:47

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.


Түркістан облысы жастары арасында "Түркістан жастар премиясы" байқауы басталды. Шара ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған, деп xабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Байқауда елдің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласқан, өз кәсібінің қыр-сырын жетік меңгерген жастар марапатталады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің басшысы Береке Дүйсебеков мәлімдеді. Аталған байқау жастардың шығармашылық тұрғыда ізденуіне, қоғамдық бастамаларына, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндіктер береді дейді шараны ұйымдастырушылар.

"Түркістан жастар премиясында" қатысушы жеңімпаздар "Үздік жас жазушы", "Үздік жас айтыскер ақын", "Үздік жас дәрігер", "Үздік жас өндіріс маманы", "Үздік жас ерікті", "Үздік жас спортшы", "Бейбіт өмір батыры" сынды номинациялар бойынша марапатталатын болады.