Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Сейдалиевтің тәртібі Түркістан облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Өз сөзінде шенеунік картаны жұмыстан тыс уақытта ұйымдастырғанын айтты. Алайда оқиға кабинетінде орын алғанын жоққа шығармады. Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі кодекс талаптарын сақтамағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі жаза қолдану туралы шешім қабылданып, аудан әкіміне ұсыныс хат жолданды.
Еске салсақ, шенеуніктің бірнеше жергілікті тұрғынмен карта ойнап жатқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.