Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев журналистермен кездесіп, баспасөз конференциясын өткізіп жатыр , деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Түркістан облысының басшысы брифинг барысында өңірде бір жыл ішінде атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Атап айтсақ, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға артып, 2019 жылы 103464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі.
Облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде жылу, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер шешімін тапқан.
Бүгінгі
таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан
Түркістанда 29 нысан салынады. Оның
ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында
17 нысанның құрылысы басталды. Биыл
7 нысан пайдалануға беріледі. Атап
айтсақ, облыс
әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық,
Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі,
саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет
көрсету орталығы.
"Түркістанның
әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар,
Түркістан қаласының идеологиялық
негіздемесін қалыптастыру бойынша 4
бағыт айқындалған болатын. Олар:
біріншіден, Түркістан – қазақ халқы
мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат
және туризм орталығы. Екінші, Түркістан
– әлемдік деңгейдегі қолөнер және
шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан –
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан
ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет
Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт
бойынша идеологиялық жұмыстар қолға
алынады. Оның бірқатары Түркістан
облысының 1 жылдығы аясында басталып
та кетті",-деді өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев баспасөз- конференциясында.
Естеріңізге салайық, 2018
жылдың 19 маусымында Елбасы,
Қазақстанның Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру
туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы
етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын.