Оқиға Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.
Екі ер адамның спирттік ішімдік ішуі адам өлімімен аяқталған. Бөтелкелесімен әлденеге келіспей қалған ер кісі екіншісінің басына пышақ сұғып алады. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шұғыл түрде жетіп, жарақат алған ер кісіні ауруханаға алып барғанымен ақ халаттылар оны аман алып қала алмады.
2018 жылдың қараша айының соңында орын алған оқиғаға қатысты күдікке ілінген тұрғын сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі, яғни, "Қасақана кісі өлтіру" бойынша айып тағылып отыр. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көрнекі фото: I-SONNIK.RU