Түркістан қаласында «Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы» бастау алды. Шараны Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырған.
8-14 сәуір аралығында өтетін апталық барысында Түркия мемлекетінен келген хирург, уролог, офтальмолог, пластикалық хирург, акушер-гинеколог, балалар хирургі, анестезиолог-реаниматолог, ЛОР мамандары Түркістан облысындағы науқастарды қабылдап, ем-дом көрсетіп, қажетінше тегін оталар жасалынатын болады.
Түркия елінен
келген Еуропа бiрлестiгi және сыртқы
icтep бойынша «Түркия-Қазақстан денсаулық
апталығының» жауапты топ жетекшiсi Ариф
Четин Халықтың денсаулығына арналған
бұл апталық бауырлас Қазақстанға, оның
ішінде Түркістан жеріне деген құрмет
екендігін жеткізді.
«Қазақстан
– Түркия үшін қашан да бауырлас, жақын
ел. Ал Түркістанды күллі туркиялықтар
Атажұрт деп біледі. Сондықтан осында
бүйрегіміз бұрып тұрады. Бастау алған
«Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы»
осы өңірдегі тұрғындарға арналып отыр.
Түркиядағы ең үздік дәрігерлер бұл
апталықта науқастарды қабылдап, тегін
ем жасайды. Сараптамаға байланысты
ақысыз ота да жасалынатын болады. Алдағы
уақытта бұл апталықты ұлғайтып, 1 ай
көлемінде жүргізуді жоспарлап отырмыз»,
– деді Ариф Четин.
Шетелден келген
кәсіби мамандар тұрғындарға Tүpкicтaн қалалық балалар
ауруханасы мен №3 облыстық Перинатальдық
орталықта және Түркістан қаласындағы
клиника-диагностикалық орталғында
қабылдау жүргізеді.