Түркістанда Ясауи туралы телехикая түсірілетін болды

31 қаңтар, 18:00

Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа берген есебінде баяндады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы өңірде 29 967 мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Бұдан өзге, «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясы «Ордабасы - бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдерін және «Төле би» атты 10 сериялы тарихи телехикаясын түсірді. Ал биыл Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ахмет Ясауи» телехикаясын, «Әл-Фараби» көркем фильмін және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланып отыр.
Атқарылған жұмыстар туралы баяндаманы тыңдаған аймақ басшысы Қ.А.Ясауи кесенесінде жатқан тұлғалардың тізімі, өмірбаяны мен тарихи деректері және Түркістан қаласы туралы ақпарат жинақтап, кітап шығаруды тапсырды.