04 мамыр, 10:00
Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен 4 мамырдан бастап Түркістан қаласында заңды түлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚКО ашылды. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Құжаттарды қабылдау тек алдын ала кезек брондау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, ХҚКО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшін ғана жұмыс істейді. Облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн жолмен ала береді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 87%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, Facebook және Vk әлеуметтік желілерінің чаттары арқылы алуға болатындығын еске саламыз.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-17:00 аралығында жұмыс істейді.
Айта кетейік, дәл осындай ХҚКО Алматы, Павлодар мен Петропавл қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ашылатын болады.